Ссылки доступа

Мирзияев коронавируспен күрес жұмыстарын сынады


Өзбекстан президенті пандемияны тоқтату жөнінде атқарылып жатқан жұмыстарды сынады.

Президенттің баспасөз қызметінің хабарлауынша, пандемия мәселесі талқыланған жиналыста Мирзияев алғашқы медициналық көмек бөлімі халыққа тәулік бойы қызмет көрсету жүйесіне көшірілмегенін айтты.

Мирзияевтің айтуынша, Ташкенттегі 64 емхана мен 11 аудандық көп салалы орталықта 200-ге жуық медицина қызметкері науқастарды күндіз ғана қабылдайды.

Әрбір клиникада үш дәрігерден тұратын шұғыл топ жасақталуы керек, бірақ кейбір бригадада дәрігер атымен жоқ. Клиникалардың барлығында дерлік рентгенодиагностика бөлмелері бар, бірақ оны ешкім пайдаланбайды.

"Осы клиникалар халыққа дұрыс қызмет етсе, 103 жедел жәрдемге артылған жүк төмендеп, халықтың мазасыздығы басылады", - деді мемлекет басшысы.

Мирзияев премьер-министрдің орынбасары Бехзод Мусаев пен денсаулық сақтау министрлігіне астанадағы 75 емхананы ұйымдастыруды тапсырды. Ондағы 3 мыңнан астам медицина қызметкері тәулік бойы науқастарға қызмет көрсетеді.

Президенттің айтуынша, бүгіннен бастап коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін медицина мекемелерінде коммерциялық банктердің кассасы жұмыс істейді. Олар сол жерде дәрігерлердің 14 күндік жалақысын төлейді.

XS
SM
MD
LG