Ссылки доступа

Алматыда карантин талаптары күшейтілді: табиғатқа топпен шығып, дастархан жаюға тыйым салынды


Алматы қаласында коронавирус пандемиясына байланысты 20 шілдеден бастап қосымша шектеу қойылды.

Қаланың бас санитар дәрігері Жандарбек Бекшиннің қаулысында жаңа ережелер айтылған.

Қаладағы асханалар тұрғындарға үсті ашық жерде, кешкі сағат 22:00-ге дейін ғана қызмет көрсетеді. Табиғатқа топпен шығуға, экскурсия ұйымдастыруға тыйым салынды.

Алматыдағы саябақтарға, Медеу, Бутаковка, Алма-Арасан секілді танымал туристік нысандарға көлікпен баруға болмайды.

Демалыс күндері ұлттық саябақтар жабылады. Жұмыс күндері ғана жаяу серуендеуге болады. Табиғатқа тамақ алып барып, үшеуден астам адамға дастархан жаюға тыйым салынды.

Жандарбек Бекшин тұрғындарға әлецметтік қашықтық ережесін сақтау, медициналық маска тағу қажеттігін тағы еске салып өтті.

Қазақстан билігі 5 шілдеде карантин жариялап, одан соң оны 2 тамызға дейін созды.

Ресми мәлімет бойынша, елде 72 мыңға жуық адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 585 адам қайтыс болған. Пневмониядан қаңтар айынан 15 шілдеге дейін 3327 адам қайтыс болған, соның 1555-і шілденің алғашқы жартысында көз жұмған. Билік 1 тамыздан бастап коронавирус пен пневмония статистикасын біріктіретінін хабарлады.

XS
SM
MD
LG