17 мамырда Тәжікстанның бірнеше тұрғыны биліктің әрекетсіздігін айыптап, жолды жапты. Селден зардап шеккендер шенеуніктердің көмек бермегеніне ренжіді. Наразылық акциясынан соң алты белсенді ұсталып, олардың үстінен қылмыстық іс қозғалды. Мәскеуде тұратын тәжікстандықтар отандастарын қолдау үшін Мәскеуде футбол ойынын өткізді. Олар ұсталғандардың суреті басылған жейде киді.
Еске салайық, 14 мамырда Хатлон облысының Хуросон ауданында сел жүрді: екі адам қаза тапты, 300 үй қирады. Жергілікті тұрғындар биліктің көмек бермегеніне ренжіп, Бохтар – Душанбе жолын жапты. Оларды жергілікті шенеуніктер қудалады.
Адам құқығын қорғаушы Иззат Амон табиғат апатынан зардап шеккендерге көмектеспеу - әділетсіздік деп есептейді. Сол себепті заңгер Мәскеуде ұсталған белсенділерді қолдау үшін акция ұйымдастырды.
"Бір апта өтті, билік өкілдері зардап шеккен аймаққа бармады. Адамдар көмек сұрап отыр", - деді ол.