Ссылки доступа

Қырғыз үкіметі кәсіпкерлерді қолдауға 4,2 млрд сом бөлді


Қырғызстанда кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасын жүзеге асыру үшін коммерциялық банктерге 4,2 млрд сом ($54 млн) бөлінді.

Қаржы министрлігі - 2,2 млрд сом, Ұлттық банк 2 млрд сом аударды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.

Хабарларға қарағанда, 20 шілдеде Қаржы министрлігі 1,4 млрд сомды 8 банкке аударған. Олар: "Айыл Банк", "РСК Банк", "Бакай Банк", "Оптима Банк", "Қырғызстан", "Қырғыз Инвестиция-Несие Банкі", "Банк Бай Тушум" және "Финанскредитбанк".

Бұның алдында алты коммерциялық банк 840 млн сомды кәсіпкерлерге жеңілдікпен несие беру үшін алған.

Кәсіпкерлерді қолдау бағдарламасын үкімет биыл маусым айында бекітті. Бағдарлама коронавирус пандемиясының экономикаға тигізген кесірін жою мақсатында қабылданған.

XS
SM
MD
LG