Ссылки доступа

Түркіменстанда пневмония: дәрігерлер мүрдені мәйітханаға тасып үлгермей жатыр


Ашхабад, 17 июля, 2020 
Ашхабад, 17 июля, 2020 

Ашғабадта коронавирус симптомы бар науқастар ауруханаға көптеп түсіп жатыр. Олардың барлығына пневмония диагнозы қойылған.

Азатлыктың Түркіменстандағы тілшісінің хабарлауынша, астанадағы ауруханаларда күнде ондаған науқас қайтыс болады. Түркіменстан билігі коронавирус пен пневмония барын мойындамай отыр.

Бірінші қалалық ауруханадағы ахуалды көрген астаналықтың айтуынша, аурухана науқастарға толған.

"Мұнда COVID-19 жұқтырған науқастарды қабылдайды. Адамдар ауруханаға үздіксіз түсіп жатыр. Аурухана толды. Науқастардың барлығына пневмония диагнозы қойылды" деді жақында ғана осы ауруханадан шыққан астаналық.

Оның айтуынша, бұл ауруханада күнде ондаған науқас қайтыс болады, дәрігерлер мүрдені мәйітханаға шығарып үлгермей жатады. "Интенсив терапия бөлімінде күнде шамамен елу науқас қайтыс болады" дейді Азатлык дереккөзі.

Бұл уақытта, Ашғабадтағы Темір жол ауруханасында мәйітке арналған пластик қап жетіспей жатыр.

"Жексенбі күні дәрігерлер бізге пластик қап таусылып қалғанын айтты. Қазір мәйіттерді хлорға салынған материалмен орап қойып жатыр. Марқұмның туыстарына оны ашпау керектігін айтты", - деп хабарлады 20 шілдеде Азатлык тілшісі.

Азатлык радиосы бірінші қалалық ауруханадан және темір жол ауруханасынан, сонымен бірге Ашғабад қалалық денсаулық сақтау басқармасынан жауап ала алмады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау миссиясы он күн Түркіменстанда болып, елде коронавирус барын растай алмады, бірақ жоққа да шығармады. Соған қарамастан ДДСҰ Түркіменстан үкіметіне елде коронавирус бар болғанда жасалатын шараларды қолға алуға кеңес берді.

XS
SM
MD
LG