Ссылки доступа

21 шілдеден бастап Ташкентте үйде емделетін науқастарға тегін дәрі таратады


21 шілдеден бастап Өзбекстан астанасында коронавирустан үйде емделетін науқастарға тегін дәрі тарата бастайды.

Бұл туралы Өзбекстан денсаулық сақтау министрлігі Үйлестіру кеңесінің төрағасы Хабибулла Акилов 20 шілдеде Ташкентте өткен брифингте мәлімдеді.

Акиловтың айтуынша, 5000 қорап дәрі Ташкентте науқастарға таратуға дайындалған.

"Дәрілер ертеңнен бастап Ташкент тұрғындарына таратыла бастайды", - деп мәлімдеді денсаулық сақтау министрлігінің өкілі.

Бұның алдында Өзбекстан үкіметі коронавирустан үйде емделіп жатқан науқастарға тегін дәрі берілетінін хабарлаған.

XS
SM
MD
LG