Ссылки доступа

Украинаның батысында автобустағы 20 жолаушы кепілге алынды


Луцк
Луцк

Украинаның батысындағы Луцк қаласында қарулы адам автобусты басып алып, ондағы шамамен 20 адамды кепілде ұстап отыр.

Бұл туралы облыстық полиция хабарлады.

Кепілге алынған автобус тұрған қала орталығы қоршалған. Полицияның хабарлауынша, қарулы топпен келіссөз жүріп жатыр. Оның кім екені анықталған, бірақ полиция есімін жарияламады. Хабарларға қарағанда, ол әлеуметтік желіде "жүйеге көңілі толмайтынын" жазған.

Полиция мәліметі бойынша, жолаушыларды кепілде ұстап отырған адамның қаруы, сонымен бірге жарылғыш заты бар. Автобусты басып алған кезде ол бірнеше мәрте оқ атқан. Зардап шеккендер туралы мәлімет түспеді.

XS
SM
MD
LG