Ссылки доступа

Қарақалпақстанда сусыз қалған тұрғындар жолды жапты (видео)


Қарақалпақстандағы бір ауданның тұрғындары егістік суының жоқтығына наразы болып, күре жолды бес сағат бойы жауып тұрды.

20 шілдеде Қарақалпақстанның Беруни ауданына қарасты "Абай", "Куполпо" және "Алтынсай" ауылдарының шамамен 500 тұрғыны аудан арқылы өтетін күре жолды бес сағат бойы жауып тұрды. Ауыл тұрғындары аулаға қажетті суды бермей отырған билікке наразы. Ауданда су күріш алқаптарына тоқтаусыз беріліп жатыр. Тұрғындар жолды аудан басшысымен келіссөзден кейін ғана ашты.

Жители Каракалпакстана, оставшись без поливной воды, перекрыли магистральную дорогу
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

– Хоким суды өзінің күріш алқаптарына ғана бұрып, бізді сусыз қалдырды. Халықтың жолды жабудан басқа амалы қалмады. Таңертең жинала бастаған тұрғындар сағат 11-лерде Ресейге апаратын жолды жауып қойды. Жолға үш ауылдың 500-ден астам тұрғыны шықты, – деді жергілікті кәсіпкер Қасымбай Батыров.

Ауыл тұрғындары судың аудан басшысының туыстарына тиесілі мың гектар күріш алқабына кетіп жатқанына наразы.

– Бұл адамдардың айтуынша, күріш алқаптары хокимнің туыстарының атына жазылған, – дейді кәсіпкер. Оның айтуынша, түстен кейін бұл жерге Беруни ауданының басшысы Атабек Сапарбаев келген.

– Хоким халықпен кездесіп, оларға су жеткізуге уәде берді. Одан соң халық жолды ашты, – деді Батыров.

Сол күні кешке үш ауылға су жеткен.

– Өзім осы Беруни ауданынанмын. Осы ауданда менің туыстарым, таныстарым тұрады. Олар күріш егем десе, мен оған қарсы шыға алмаймын, - деп ақталды аудан басшысы Атабек Сапарбаев.

XS
SM
MD
LG