Ссылки доступа

Тәжікстанда эпидемия кезінде дәріні қымбатқа сатқан дәріхана қызметкерлерін жазалайды (видео)


В Таджикистане хотят наказать аптеки за рост цен во время эпидемии COVID-19
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:57 0:00

В Таджикистане хотят наказать аптеки за рост цен во время эпидемии COVID-19

Тәжікстанда дәріхананың жүз шақты қызметкерінің үстінен қылмыстық іс қозғалды.

Оларға коронавирус эпидемиясы кезінде дәріні қымбатқа сатты деген айып айып тағылған. Дәріхана қызметкерлері болса пандемия кезінде көтерме сауда қоймаларында вирусқа қарсы препарат бағасы шарықтап кетті деп отыр.

Тәжікстанның денсаулық сақтау министрлігі сәуірдің аяғында елде коронавирус барын ресми түрде мойындады. Көп уақыт өтпей елдегі дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар қымбаттап кетті. Дәл осындай жағдай Қазақстанда, Қырғызстанда және Өзбекстанда да қалыптасты.

"70 сомони ($6,5) тұратын дәрі 700-800 сомониден ($70) сатылды. Біздің қызметкерлер бұның барлығын тіркеді. 270 арыз түсті. Дәріханалардың 478 қызметкеріне ескерту жасалды, 2190 әкімшілік және 130 қылмыстық іс қозғалды", - деді Тәжікстанның бас прокуроры Юсуф Рахмон.

Хилол Каримзода – Душанбедегі дәріханалардың бірінің қожайыны. Оның айтуынша, коронавирус эпидемиясы кезінде дәрінің қымбаттауына дәріхана қызметкерлері кінәлі емес.

"Дәрі жеткізу тоқтап қалды. Вирусқа қарсы препараттарды табу үшін қоймаларды аралап, таныс арқылы іздедік. Оны бізге өте қымбат бағаға сатты", – дейді Хилол Каримзода.

Фармацевттің айтуынша, эпидемия басталғанда бағаны көтерме сауда жүргізетін қоймалардың қожайындары ғана емес, өндірушілер де көтеріп жіберген. Бірақ Тәжікстанның монополияға қарсы қызметі бұл тізбектегі соңғы буын - дәріхана қызметкерлерін жазалап жатыр.

Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда 6878 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 44 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG