Ссылки доступа

Украинаның Луцк қаласында кепілге алынған жолаушылардың барлығы босатылды


Украинаның Луцк қаласында кепілге алынған жолаушылардың барлығы босатылды, деп хабарлады елдің ішкі істер министрі Арсен Аваков.

"Настоящее Время" телеарнасы тілшісінің хабарлауынша, арнайы жасақ Луцк қаласында кепілге алынған автобусты шабуылмен басып алған.

Бір сағат бұрын Украина президенті Владимир Зеленский әлеуметтік желіде орыс тілінде видео жарялады. Онда президент 2005 жылы шыққан "Земляне" фильмін көруге кеңес берген. Деректі фильмде адамдардың жануарларды қалай қинайтыны көрсетілген. Кепілдегілер босаған соң президент жариялаған видео өшірілді. 21 шілдеде таңертең жолаушылар автобусын басып алған қарулы кісі президентке осындай талап қойған еді.

Видео жарияланған соң қылмыскер үш адамды босатты. Келіссөздер тағы біраз уақытжалғасты, бірақ арнайы жасақ автобусты шабуылмен басып алып, кепілдегі адамдардың барлығын босатты. Күдікті қолға түсті.

Жергілікті ақпарат құралдарының хабарлауынша, автобусты Максим Кривош есімді азамат басып алған. Ол бұған дейін екі мәрте сотталған.

Захватчик автобуса в Луцке, фото – Нацполиция Украины
Захватчик автобуса в Луцке, фото – Нацполиция Украины

Unian басылымының хабарлауынша, 2014 жылы Кривош "Қылмыскер философиясы" атты кітап басып шығарған.

Кривош әлеуметтік желіде Украинадағы билік жүйесін үнемі сынап жүрген.

Луцк қаласының полициясы адамдарды кепілге алу қылмысы бойынша іс қозғады. Күдікті жеті жылдан 15 жылға дейін бас бостандығынан айрылуы мүмкін.

XS
SM
MD
LG