Ссылки доступа

Өзбекстанда вирусқа қарсы дәрілер "қара базарда" сатылып жатыр


Өзбекстанның бас прокуратурасы вирусқа қарсы дәрілердің көбі "қара базарда" қымбатқа сатылып жатқанын мойындады.

Өзбекстан үкіметінің дәрі тапшылығын болдырмау туралы уәде бергеніне бір аптадан асты, бірақ ахуал әлі күнге дейін жақсарар емес: дәріханаларда вирусқа қарсы препараттар жетісейді. Республиканың бас прокуратурасы да қажетті дәрі "қара базарда" жиырма есе қымбатқа сатылып жатқанын мойынап отыр.

– Кагоцел мен Арбидол дәріханаларда атымен жоқ. Плаквенил табылмай жатыр. Эргоферон да жоқ. Дәрігерлер тағайындаған Азимак 500 (азитромицин) барлық дәріханада сатылмайды, - деді коронавирустан емделіп жүрген ташкенттік тұрғын.

Оның айтуынша, вирусқа қарсы препараттар "қара базарларда" сатылып жатыр.

– Коронавирус бар-жоғын анықтайтын экспресс-тест "қара базарда" ғана бар. Арбидол мен Эргоферонді де алыпсатарлардан табуға болады. Олар жарнаманы Telegram'да жиі береді. Дәрілерді мессенджер арқылы сатып алуға болады, – дейді науқас.

Республиканың басқа да қалаларында дәрі тапшы.

Жақында Өзбекстанның бас прокуратурасы "қара базарда" дәріні қымбатқа сатқан бірнеше адам ұсталғанын хабарлады.

Еске салайық, 14 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев дәрі тапшы екенін мойындап, үш айға жетерлік қор жинауға тапсырма берді.

18 шілдеде Өзбекстан дәрі-дәрмек экспортына тыйым салды. Ал 21 шілдеде Ташкентте коронавирустан үйде емделіп жатқан науқастарға тегін дәрі бере бастады.

XS
SM
MD
LG