Ссылки доступа

Тәжікстанда оқу ақысы қымбаттап жатыр


Частные школы в Таджикистане намерены повысить стоимость обучения

Тәжікстанда жаңа оқу маусымында бірқатар жоғары оқу орындары мен жекеменшік мектептердің оқу ақысы қымбаттайды.

Тәжікстанның монополияға қарсы қызметінің басшысы Абдумәжид Муминзод университеттер оқу ақысын 40 пайыз өсіргісі келетінін мәлімдеген.

"Кейбір жоғары оқу орындары мемлекеттік бюджеттен 50 пайызға дейін дотация алса, басқалары оқу ақысы есебінен оның орнын толтыруы тиіс. Сол себепті біз мемлекеттік бюджеттен бес пайыз ғана дотация алатын мекемелерге оқу ақысын көтеруге рұқсат бердік", - деді қызмет басшысы.

Оның айтуынша, бірде-бір университет бұған дейін келісіме отырған студенттің оқу ақысын көтеруге құқығы жоқ.

Тәжікстанда жоғары оқу орындарында оқу ақысы 2-18 мың сомони немесе 200-2000 доллар арылғында. Елдегі қырық жоғары оқу орнында 200 мыңнан астам студент оқиды.

XS
SM
MD
LG