Ссылки доступа

Адвокат: Батукаевқа қатысты істің қалалық сотта қаралуы - заңсыз


23 шілдеде Бішкек қалалық соты қылмыс әлемінің дөкейі Әзиз Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысты істі қарайды.

Бұл туралы Қырғызстанның бұрынғы президенті Алмазбек Атамбаевтың адвокаты Замир Жоошев хабарлады. Атамбаевқа да Батукаевтың заңсыз босатылуына қатысы бар деген айып тағылған.

Адвокат Facebook'тегі парақшасында істің 23 шілдеде қалалық сотта қаралуы Қылмыстық-процессуалдық кодекс ережелеріне қайшы деп жазды.

Заңға сәйкес, алғашқы инстанцияның шешіміне 30 күн ішінде шағымдануға болады. Батукаев ісі бойынша 1-май аудандық соты биыл 23 маусымда шықты. "Біз 23 шілдеге дейін аудандық сот үкіміне шағымдана аламыз, соған дайындалып жүрміз. Алайда, экс-президенттің адвокаттарынан шағым күтпеспен, істі қалалық сотқа тапсырған, олар процесс тағайындап қойған", - деп жазды Жоошев.

1-май аудандық сотының шешімі бойынша, Батукаев ісіндегі төрт күдіктінің біреуі - бұрынғы президент Алмазбек Атамбаев қана түрме жазасын алды.

Сот Алмазбек Атамбаевты 11 жыл 2 айға соттады. Бұған қоса экс-президент "Данакер" және екінші деңгейлі "Манас" ордендерінен, "Даңқ" медалінен айрылды. Аудандық сот шешімі бойынша, Атамбаевтың және оның жақындарының мүлкі тәркіленеді.

XS
SM
MD
LG