Ссылки доступа

Өзбекстан мен Қытай COVID-19-ға қарсы вакцинаны сынақтан өткізуі мүмкін


Өзбекстандық мамандар Қытайдағы әріптестерімен бірге коронавирусқа қарсы вакцинаның үшінші - қорытынды сынағын бірге өткізуі мүмін.

Бұл туралы Өзбекстанның бұқаралық ақпарат құралдары хабарлады.

Өзбекстанның Қытайдағы елшісі Бахтиер Саидов пен Қытайдың Sinopharm Group компаниясының басқарма төрағасы Лю Цзинчжэнь екі елдің коронавирус пандемиясымен бірлесе күресу мүмкіндіктерін талқылады. Атап айтқанда, Қытай жағы коронавирусқа қарсы вакцинаның клиникалық сынағы екі кезеңде сәтті өткенін хабарлады. Вакцинаны China National Biotec Group (CNBG, Sinopharm Group құрамына кіреді) әзірлеген.

"Жақында Қытай тұрғындары арасында үшінші - қорытынды сынақ басталды. Қытай корпорациясының жетекшісі осындай сынақты Өзбекстан аумағында да өткізуді ұсынды" делінген жергілікті БАҚ таратқан ақпаратта.

Хабарларға қарағанда, жаңа вакцинаның сынағы Біріккен Араб Әмірліктерінде де өтеді. Оған 15 мыңға жуық адам қатысады.

Вакцина екі жылға дейін әсер етеді делінген. Қазір Қытайда бұл вакцинаны 50 мыңнан астам адам салдырған. Шілдеде Пекинде вакцина шығаратын екінші зауыттың құрылысы аяқталды. Алғашқы зауыт Ухань қаласында салынған. Енді Қытай жылына вакцинаның 200 миллион данасын шығара алады.

XS
SM
MD
LG