Ссылки доступа

Трамп: АҚШ-та коронавирусқа қатысты ахуал қиындай береді


АҚШ президенті Дональд Трамп Құрама Штаттарда коронавирусқа қатысты ахуал қиындай беретінін ескертті.

Биыл сәуірде елдегі пандемияға қатысты жағдай туралы алғашқы брифингте Трамп вакцина әзірлеу мен ауруды емдеу саласындағы жетістіктер жөнінде айтқан.

Трамп 21 шілдеде Ақ үйде америкалықтарды медицналық маска тағуға үндеп, Құрама Штаттардың кейбір бөлігінде "жағдай әлдеқайда жақсы" деп мәлімдеді. Бұның алдында Трамп бірнеше ай бойы маска тағудан бас тартып жүрген, оны тағу керектігін айтпаған. Енді Трамп маска тағудың вирустың таралуын шектейтінін мәлімдеп отыр.

Өткен тәулікте COVID-19 мыңнан астам америкалықтың өмірін жалмады. Дәл осындай рекордтық көрсеткіш 10 маусымда тіркелген еді.

Әлемнің басқа да мемлекеттері эпидемияның ауыртпалығын басынан өткеріп жатыр. Австралияда Мельбурн тұрғындарына маска тағу міндеттелді. Мексикада коронавирустан қайтыс болғандар 40 мыңнан асты. Бразилияда бір күнде 41 мың адамның коронавирус жұқтырғаны анықталып, бір тәулікте 1 400 науқас қайтыс болды.

XS
SM
MD
LG