Ссылки доступа

Ташкентте 74 емхана тәулік бойы жұмыс істейді


Өзбекстан астанасындағы 74 көпсалалы және отбасылық емхана тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Медицина қызметкерлері болса 12 сағаттың жұмыс кестесіне көшті. Бұл туралы 21 шілдеде коронавируспен күрес жөніндегі шұғыл штаб өкілі Барно Адилова хабарлады.

Оның айтуынша, әрбір емхананың жұмыс тәртібі анықталған. Дәрігерлер үйді-үйге хабарласып, ақпарат жинайды. Науқастарды анықтап, оларға көмек көрсету жолдарын таңдайды. Мәселені тез арада шешу жолдарын қарастырады.

Осы жұмыстарды атқару үшін емханаларға 750 ұялы телефон жеткізілді, әрбір отбасылық емханада колл-орталықтар ұйымдастырылды. Олар тәулік бойы қызмет көрсетеді.

Хабарларға қарағанда, әрбір емханада шұғыл бригадалар құрылды. Үйде емделетін науқастарға дәріні солар жеткізеді.

XS
SM
MD
LG