Ссылки доступа

Түркіменстанда банкомат кезегінде тұрған әйел қайтыс болды


Очередь у банкомата перед Турецким банком, Ашхабад, июль, 2020 (иллюстративное фото)
Очередь у банкомата перед Турецким банком, Ашхабад, июль, 2020 (иллюстративное фото)

Түркіменстанда қолма-қол ақша жетіспейді. Халық банкомат алдында ұзақ уақыт кезекте тұруға мәжбүр.

Лебап уәлатянының Фарап этрапында банкомат кезегінде тұрғандардың төбелесі салдарынан бір әйел қайтыс болды. Ал Ашғабад тұрғындары қолма-қол ақша таппай жүр. Билік банкоматтарды азайтқан. Бұл туралы Азатлык радиосының Лебап және Ашғабадтағы тілшілері хабарлады.

"Фарапта банкомат алдында күнде кезек. Адамдар 45 градус ыстықта тұруға мәжбүр. Мұнда күнде ұрыс, төбелес болады. Осы аптада осындай бір төбелестің салдарынан бір әйел қайтыс болды" деп хабарлады тілші.

Оның айтуынша, қайғылы оқиға 20 шілдеде Фарап этрапының "Дайханбанк" банкоматы алдында болған. "Кезекте тұрғандар дауласып қалды. Соның салдарынан 65 жастағы әйел төбелескен адамдардың аяғының астында қалған. Ол ауруханаға жетпей жан тапсырды" деді куәгерлердің сөзіне сүйенген тілші.

Фарап этрапындағы "Дайханбанк" бөлімшесі Азатлыкқа кезекті тұрған бір әйел қайтыс болғанын растады. Бірақ банк қызметкері ыстықтан марқұмның қан қысымы көтеріліп, соның салдарынан қайтыс болды дейді.

Бұл уақытта, Азатлыктың Ашғабадтағы тілші астана тұрғындары қолма-қол ақша таппай жатқанын хабарлады. "Қаладағы банкоматтарда ақша жоқ. Банкоматтар орналасқан сауда орталықтары жабық", деп хабарлады тілші.

Енді билік қаладағы банкоматтарды алып тастай бастады. "Бірнеше күн бұрын "Пайтагт" сауда орталығындағы банкоматты алып тастады. Геороглы көшесінде банк алдында тұрған екі банкоматты алып кетті. Қазір банктерде 1-2 банкомат қана қалды", деп хабарлады Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісі.

XS
SM
MD
LG