Ссылки доступа

Еурокомиссия Тәжікстанға коронавируспен күреске 112,2 млн евро берді


Еуропалық комиссия Тәжікстанға коронавирус пандемиясымен күресу үшін 112,2 млн. евро бөлді.

"Коронавирус пандемиясы бізге және біздің әріптестерімізге, азаматтарға және экономикаға кері әсер етіп жатыр. Еуропа Одағы Тәжікстанға коронавируспен күресу үшін 112,2 млн. евро бөледі. Тәжікстан осы қаражатқа медициналық қызмет сапасын жақсартып, жас тәжікстандықтар дағдарыс кезінде сапалы білім ала алады", деп мәдімдеді ЕО-ның халықаралық әріптестік жөніндегі комиссары Ютта Урпилайнен.

Еске салайық, 7 сәуірде Еуропа Одағы коронавирус пандемиясы кезінде әріптес-елдерді қолдау жоспарын жариялады. Сол жоспар аясында ұйым Тәжікстанға 48 миллион евро бөлетіні, қаражат республиканың коронавирус эпидемиясымен күреске дайындығын күшейтуге жұмсалатыны хабарланды.

XS
SM
MD
LG