Ссылки доступа

Өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қырғыз қыздарын жазалауға үндегендер жауапқа тартылуы мүмкін


Қырғызстанның құқық қорғау органдары қырғыз мигрант қыздарды жазалауға үндеген видеоны тексеріп жатыр.

Бұл туралы 22 шілдеде Қырғызстан ішкі істер министрлігі хабарлады. Министрлік мәліметі бойынша, Қырғызстан ішкі істер министрлігінің Ресейдегі өкілдігі Интернетте және әлеуметтік желілерде тараған материалдарды тексеріп, Ресейдің құзырлы органдарымен бірге шара қолдану мәселесін талқылайды.

Еске салайық, Мәскеудегі қырғыз мигранттарының өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қырғыз қыздарын жазалауға үндеген видеосы 21 шілдеде Интернетте тарады.

Қырғызстандық адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділер жас жігіттерді жауапқа тартуын талап етті.

2019 жылы Қырғызстанның Мәскеудегі елшілігі Ресейдегі қырғыз мигранттары 1,2 миллионға жақындағанын хабарлады. Олардың дені қызмет көрсету және құрылыс салаларында еңбек етеді.

XS
SM
MD
LG