Ссылки доступа

Өзбекстанда УЗИ аппараты үшем деп анықтаған әйел босанған соң екі баласын ғана көрген


Ферғана облысының Язъяван ауданының 28 жастағы тұрғыны Фарида Гозиева УЗИ аппараты үшем көрсеткен, бірақ егіз баланы қолыма ұстатты дейді.

Облыстық перзентхана дәрігерлері 4 шілдеде кесер тілігінің көмегімен әйелді босандырып, екі баланы қолына ұстатқан. Әйел дәрігерлер одан үшінші баланың өлі туғанын жасырып отыр деп есептейді. Алайда Ферғана облыстық перинаталды орталығының бас дәрігері Мадхия Суяркулова оның бұл айыптауын жоққа шығарып отыр. УЗИ аппараты қате көрсеткен дейді дәрігер. Ферғана прокуратурасы алдын ала тексеру жүргізіп жатыр.

Фарида Гозиева аяғы ауыр кезде жиырма мәрте УЗИ-ге түскенін мәлімдеді. Дәрігерлер зерттеулердің барлығында үшем дүниеге келетінін айтқан.

– Соңғы зерттеу 2 шілдеде жасалды. Дәрігерлер үш баланың да жүрек қағысы жақсы екенін айтты. Бір баланың салмағы 2 кг 800 гр, екіншісі – 2 кг 700 гр және үшіншісі – 2 кг 500 гр болды. 4 шілдеде мен Ферғана облыстық перинаталды орталыққа жаттым. Екі қызды қолыма ұстатты - біреуі 2 кг 640 гр, екіншісінің салмағы 2 кг 530 гр болды. Дәрігерлер маған егіз тудың деп айтты. 7 шілдеде медбикелердің бірі мені ңүшем туғанымды, бірақ үшінші бала шетінеп кеткенін айтты. Сол себепті мен дәрігерлер шындықты жасырып отыр деп ойлаймын, - деді Фарида Гозиева.

Фариданың егіз қыздан басқа тағы үш баласы бар.

XS
SM
MD
LG