Ссылки доступа

Қырғыз милициясы: өзге ұлт өкілімен кездескен қырғыз қыздарын жазалауға үндеген мигранттар кешірім сұрады


Мәскеу қаласында өзге ұлт өкілдерімен кездескен қырғыз қыздарын жазалауға үндеген мигрант жігіттердің кім екені анықталды.

Бұл туралы Қырғызстанның ішкі істер министрлігі хабарлады. Мұндай үндеуді Қырғызстанның Шу облысында дүниеге келген екі жігіт жасаған.

"Олар Қырғызстан халқынан әлеуметтік желіге абайсызда айтқан сөздері үшін кешірім сұрады, кінәларын мойындады. Оларды Мәскеуде Ішкі істер министрлігінің экстремизмге қарсы тұру жөніндегі орталыққа шақырды. Мұнда заңгерлер олардың әрекеті қаншалықты заңға сай екенін анықтайды", - деп хабарлады Қырғызстанның ішкі істер министрлігі.

Екатеринбургте 18 шілдеде қырғыз және тәжік мигранттары төбелесіп қалды. Оған 80-ге жуық жігіт қатысқан. Сол күні мессенджерде тәжіктер екі қырғызды "өлтіріпті", енді "кек алу керек" деген мазмұнда жалған ақпарат тарады.

Келесі күні тағы 200 мигрант жиналып, жолды жапты. Тағы да төбелес болды.

Одан соң Мәскеудегі екі мигрант жігіт видео жазып, өзге ұлт өкілдерімен кездесетін қырғыз қыздарын жазалауға үндеген. Қырғызстандағы адам құқықтарын қорғаушылар мен белсенділер видео авторларын жауапқа тартуды талап етті.

XS
SM
MD
LG