Ссылки доступа

Ауған қызы әке-шешесін өлтірген содырлардан кек алды (видео)


Afghanistan - Afghan girl Qamargul
Afghanistan - Afghan girl Qamargul

Ауғанстанның шалғайдағы провинцияларының бірінде тұратын бойжеткен "Талибан" қозғалысының екі содырын өлтірді. Олар қыздың ата-анасын атып тастаған.

Ауғанстандағы ауылдардың бірінде бірнеше жігіт үйдің есігін қақты. Түнгі сағат бір еді.

15 жастағы Қамар Гүл түсектен тұра сала інісін құшақтап алды. Көрші бөлмедегі ата-анасы есікті ашуға барған. Оның арғы жағында тәліптер тұрған.

Содырлар Қамар Гұлдің әке-шешесінен есікті ашуды талап етті. Олар ашпады. Бірнеше минуттан соң қарулы топ үйге басып кірді.

"Олар анамды көшеге алып шығып, атып тастады. Одан соң әкемді де көшеде атып өлтірді", - деді Гүл Азаттықтың Ауған редакциясына телефон арқылы.

Бұл уақытта Гүл АК-47 автоматын алып, үйге кіргісі келген содырларға оқ атты. Бойжеткен екі содырды өлтіріп, үшіншісін жаралады.

"Мен көп содырдың екеуін өлтірдім", - деді Гүл. Сол кезде үкімет жағындағы сарбаздар келіп, қалған содырлардың ізіне түскен.

"Мен "Талибан" содырларын өлтіргеніме өкінбеймін. Олар менің әке-шешемді өлтірді. Мен тәліптермен қасық қаным қалғанша күресемін", - дейді бойжеткен. Гүл мен оның 12 жастағы інісін үкімет қауіпсіз орынға көшірді.

XS
SM
MD
LG