Ссылки доступа

Қырғызстанда 2500-ден астам медицина қызметкері коронавирус жұқтырған


Бір тәулікте тағы 49 медицина қызметкерінің вирус жұқтырғаны анықталды.

Бұл туралы 23 шілдедегі брифингте Денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айнұр Акматова хабарлады.

Бішкекте 4 адам, Шу облысында – 11, Ош қаласында – 8, Ош облысында – 5, Баткен облысында – 7, Ыстықкөл облысында – 9, Талас облысында – 3, Нарын облысында 1 медицина қызметкері коронавирус жұқтырды.

Бір тәулікте 17 дәрігер жазылып шықты.

Қырғызстанда COVID-19 жұқтырған медицина қызметкері 2527-ге жетті, олардың 1160-ы жазылып шықты.

XS
SM
MD
LG