Ссылки доступа

Тәжікстанда Құрбан айт құрметіне мерекелік намаз оқылмайды


Тәжікстан 31 шілдеде Құрбан айт мерекесін атап өтеді. Алайда биыл коронавирус пандемиясына байланысты жамағаттың мерекелік намазы оқылмайды.

Бұл туралы 22 шілдеде Душанбеде өткен баспасөз конференциясында Тәжікстан дін комитетінің басшысы Сулаймон Давлатзода хабарлады.

"Бізде қажылыққа баратындардың тізімі бар, оны жергілікті атқару органдары бекітті. Әлемде пандемияға қатысты ахуал жақсарса, қажылыққа солар барады", деді комитет басшысы.

Сауд Арабиясының билігі қажылыққа барғысы келетін мұсылмандарға сапардан бас тартуға үндеді. 20 наурызда бірнеше ғасырдан бері алғаш рет Мекке мен Мединадағы мешіттер пандемияға байланысты жабылды. Оның алдында билік умра - кіші қажылық ұйымдастыруға тыйым салды.

Тәжікстан Ислам орталығы Үлемдер кеңесінің басшысы Саидмукаррам Абдулкодирзода биыл Құрбан айт 31 шілдеде атап өтілетінін хабарлады. Алайда коронавирус пандемиясына байланысты жамағаттың мерекелік намазы биыл оқылмайды.

Тәжікстан мүфтиі мұсылмандарға таң атқаннан бір сағаттан соң құрбандық шалу рәсімін жасауға кеңес берді.

Тәжікстан денсаулық сақтау министрлігінің мәліметі бойынш, елде 7015 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталған, 58 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG