Ссылки доступа

Қытай Марсты зерттейтін алғашқы ғарыш миссиясын ұшырды


Қытай алғашқы "Тяньвэнь-1" автоматтандырылған планетааралық станциясын ұшырды.

Станция 2021 жылдың 11 ақпанында Марсқа жетеді. Бұл туралы Қытайдың "Синьхуа" мемлекеттік агенттігі хабарлады.

Ғарыш аппараты жалғанған ауыр "Чанчжэн-5" зымыран тасығышы 23 шілдеде оңтүстіктегі Хайнань провинциясында орналасқан Вэньчан ғарыш айлағынан ұшты. 36 минуттан соң зонд орбитаға шықты.

Миссия мақсаты — Марстағы тіршілік ізін зерттеу, сонымен бірге адамзаттың планетаны колонизациялау мүмкіндігін қарастыру. Миссия сәтті өтсе, ғалымдар планетаның атмосферасын, рельефін, магнит өрісін және басқа да ерекшелігін тексере алады. Қытай билігі 2017 жылы Күн жүйесін зерттеу жөніндегі ауқымды жоспарын жариялады. Марсты зерттеу - осы жоспардың бір бөлігі.

Осы аптада осымен екінші миссия Марсқа аттанды. 20 шілдеде Біріккен Араб Әмірлігі ғарыш аппаратын қызыл планетаға ұшырған.

XS
SM
MD
LG