Ссылки доступа

ДДСҰ Өзбекстанға 4 млн доллардың гуманитарлық жүгін жеткізді


ДДСҰ Өзбекстанға коронавирус пандемиясымен күресуге көмек ретінде 4 млн доллардың гуманитарлық жүгін жетізді.

Бұл туралы БҰҰ-ның Өзбекстандағы өкілдігі хабарлады.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы Еуропа аймағының бюросы Өзбекстанға гуманитарлық жүк жеткізді. Коронавирус пандемиясымен еңсеруге көмектесетін шамамен 85 тонна жүк 4 миллион доллар тұрады.

Жүктің алғашқы партиясы Ташкентке 8 шілдеде жеткізілді. Онда 619,400 дана бетті қорғайтын экран және 2 176 000 дана хирург маскасы бар. Екінші партия Өзбекстан астанасына 17 шілдеде жетті. Онда да дәрігерлерді жұқпалы вирустардан қорғайтын заттар бар.

Гуманитарлық жүк - ДДСҰ-ның Өзбекстанға көрсеткен көмегінің бір бөлігі.

XS
SM
MD
LG