Ссылки доступа

Қырғыз билігі коронавирустан қайтқан науқас мәйітінің ауысып кеткені туралы мәліметті тексереді (видео)


Қырғызстанның денсаулық сақтау министрлігі коронавирустан қайтыс болған науқастың туыстарына басқа біреудің мәйітін бергені туралы мәліметті тексеріп жатыр.

Бұл туралы Азаттыкқа Денсаулық сақтау министрлігі хабарлады.

Бұның алдында Бішкек тұрғыны Айдай Иргебаева қайтыс болған атасының орынан басқа біреудің мүрдесін берді деп айтқан.

"Біз мәйітті кері апарып, атамыздың денесін алып қайттық. Біздің дәрігерлерге арызымыз жоқ, олар қолынан келгенін жасады. Денсаулық сақтау министрлігіне де өкпе жоқ. Бірақ марқұмның туыстарына мәйітханада мүрдені көрсетіп барып берсе екен деген өтінішіміз бар", - деді Иргебаева.

Оның айтуынша, атасының денесін олар мәйітханадан емес, ауруханадан алып келген. Иргебаеваның туыстары қай аурухана мұндай қателік жібергенін айтпай отыр. Олар дәрігерлердің басы пәлеге қала ма деп қорқады.

Қырғызстанда хаттамаға сәйкес коронавирустан қайтыс болған науқастардың денесі әуелі мәйітханаға түсуі тиіс.

Қырғызстанда кеше 967 адамның коронавирус жұқтырғаны анықталды, 46 адам қайтыс болды. Республикада эпидемия басталғалы бері 30326 адамның вирус жұқтырғаны анықталған, 1169 адам қайтыс болған.

XS
SM
MD
LG