Ссылки доступа

Тәжік мигранттары Ресейде зейнетақыны Мәскеу мен Душанбе келісімге отырған соң алады


Тәжікстан мен Ресей биліктері еңбек мигранттарына зейнетақы тағайындау мәселесін шешті.

Тәжікстан мен Ресей биліктері ұзаққа созылған келіссөздерден соң еңбек мигранттарына зейнетақы тағайындау мәселесін шешті, бірақ екі елдің келісімге отыруына коронавирус пандемиясы кедергі келтірді.

Мәскеу мен Душанбе келісімге қол қойған соң, Ресейде әлеуметтік салық төлейтін әрбір еңбек мигранты зейнетақы ала алады. Көші-қон мәселелері жөніндегі мамандардың пікірінше, маңызды құжаттың қабылдануына Тәжікстан мүдделі болуы керек.

Еңбек мигранттары ұзақ жылдар бойы Ресейде жұмыс істеп, әлеуметтік салықты сол елге төлесе, онда Мәскеу оларға зейнетақы төлеуі тиіс, не болмаса тәжік билігі ол ақшаны қайтарып алып, соның есебінен мигранттарға зейнетақы төлеуі керек. Душанбенің ресми ұстанымы осындай.

"Ресей тәжік мигранттарына зейнетақы төлеуге келісіп отыр. Ресейде жұмыстып істеп, әлеуметтік салық төлеген азаматтар зейнетақы туырлауға құқылы. Осы уақытқа дейін Ресейдің бұл мәселеге қатысты біздің ұсынысымызды қараудан бас тартып келді", - деді Әлеуметтік сақтандыру және зейнетақы жөніндегі агенттіктің басшысы Дилмурод Давлатзода.

Ресми стаститика бойынша, қазір 220 мың тәжікстандық зейнетақыны Ресейден алады.

2020 жылдың алғашқы жартысында тәжік мигранттары елге 999 млн доллар аударды. Тәжікстан экономикасы еңбек мигранттарының ақша аударуына тәуелді санаулы мемлекеттің бірі.

XS
SM
MD
LG