Ссылки доступа

Түркіменстан билігі Тәуелсіздік және Нейтралитет күніне дайындалып жатыр


Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов направляется в новый дворец во время церемонии открытия в Ашхабаде, 18 мая, 2011 года
Президент Туркменистана Гурбангулы Бердымухамедов направляется в новый дворец во время церемонии открытия в Ашхабаде, 18 мая, 2011 года

Түркіменстан билігі Тәуелсіздік күні мен Нейтралитеттің 25 жылдығын тойлауға дайындалып жатыр.

Әлем коронавирус пандемиясымен күресіп жатса, Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының Ашғабадқа берген кеңестеріне қарамастан, Түркіменстан билігі Тәуелсіздік пен Нейтралитет күніне дайындықты бастап кетті.

Пандемия басталғалы бері Түркіменстан Наурыз, Денсаулық күні, Түркімен арғымағының күні, Жеңіс күні, Велосипед күні және Президенттің туған күні мерекелерін кең көлемде атап өтті.

Азатлыктың Ашғабадтағы тілшісінің хабарлауынша, үкімет Түркіменстан тәуелсіздігі мен Нейтралитет күнінде шерулер, мерекелік шаралар, концерттер және басқа да көпшілік шаралар өткізуді жоспарлап қойды.

Айта кетерлік жайт, елде қазір қоғамдық орындарға баруға қатаң шектеу қойылған. Елге коронавирус жоқ деп мәлімдеген Түркіменстан билігі базарлар мен сауда орталықтарын, қызмет көрсету мекемелері мен кәсіпорындары, спорт шысандарын, асханаларды жапты. Халық әлеуметтік қашықтық сақтап, маска тағуы керек.

Түркіменстанда коронавирусқа тән симптомдары бар ауру тарап жатыр, адам өлімі көп.

Түркіменстан екі жылдан бері Тәуелсіздік күнін қыркүйектің соңында, ал Нейтралитет күнін желтоқсанда атап өтіп жүр. Мемлекет басшысы мерекелер мен мерекелік шаралардың "жоғары деңгейде ұйымдастырылғанын" үнемі талап етеді.

"Алайда мерекеге орай салынып жатқан нысандардың құрылыстары тоқтап тұр. Олардың арасында "Аркадаг" қонақ үй және жаңа конгресс-орталық бар" деп хабарлады Ашғабадтағы құрылыс нысандарын аралап шыққан Азатлык тілшісі.

XS
SM
MD
LG