Ссылки доступа

Қытай билігі АҚШ-тың Чэндудегі консулдығын жабуды бұйырды


АҚШ-тың Хьюстондағы Қытай консулдығын жабуына жауап ретінде Қытай АҚШ-тың Чэндудегі консулдығын жабуды бұйырды.

Қытайдың сыртқы істер министрі 24 шілдеде АҚШ-тың консулдықты басқару құқығы жойылғанын хабарлады. Министрлік бұл әрекетті "АҚШ тарабының негізсіз әрекетіне заңды әрі қажетті жауап" деп атады.

21 шілдеде АҚШ үкіметі 72 сағат ішінде Қытайдың Хьюстондағы консулдығын жабу туралы шешім шығарғаннан кейін Вашингтон мен Пекин арасындағы қатынас ушыға түскен. 23 шілдеде АҚШ мемлекеттік хатшысы Майк Помпео Американың әріптестерін Қытай коммунистік партиясының ғаламдық "гегемониялық" екпініне бірігіп қарсы тұруға шақырды. Помпео ондаған жылдар бойғы Пекинмен ынтымақтастықтан ойдағыдай нәтиже шықпағанын, Қытайдың демократияға қарай бет бұрмағанын айтты.

Бұған дейін Техас штатындағы Қытай консулдығын жабуға байланысты түсініктеме берген АҚШ мемлекеттік департаментінің өкілі Морган Ортагус "америкалық зияткерлік меншік пен жеке ақпаратты қорғау" мақсатында сондай қадам жасалып отырғанын айтқан.

XS
SM
MD
LG