Премьер-министр Кубатбек Боронов 145 млн сомға (шамамен 1,9 млн доллар) жедел жәрдем автокөліктерін сатып алу үшін құжат әзірлеуді тапсырды. Бұл туралы үкіметтің баспасөз қызметі хабарлады.
Хабарларға қарағанда, "Қауіпсіз қала" жобасының көмегімен айыппұлдан жиналған қаражат осы мақсатқа жұмсалады.
Жол ережесін бұзғандар төлеген айыппұл жедел жәрдем автокөліктерін сатып алуға бөлінетіні өткен жылы шілдеде хабарланған. Сол кезде көліктердің мұндай түрін алуға 35 млн сом аударылатыны айтылған.