Ссылки доступа

Мирзияев карантин мерзімін ұзартуға келісті


Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев республикалық арнайы комиссияның карантин шектеулерінің мерзімін ұзарту туралы ұсынысын құптады.

Бұл туралы 23 шілдеде президенттің төрағалығымен өткен жиналыста айылды, деп хабарлады мемлекет басшысының баспасөз қызметі.

Өзбекстанда карантин шектеулері қай уақытқа дейін созылатыны бұл жиналыста айтылмады.

Бұған дейін билік карантин мерзімін 10 шілдеден 1 тамызға дейін созған еді.

Мемлекет басшысы жиналыста коронавируспен күреске аянбай үлес қосып жүрген медицина қызметкерлерінің еңбегі ескерілетінін айтқан. Өзбек дәрігерлеріне шетел мамандары да көмектесіп жатыр.

"Германиядан медицина профессоры елге келіп, науқастарды емдеуге көмектесіп жүр. Бүгін Түркиядан профессорлар тобы келеді. Басқа елдерден тәжірибелі дәрілерлер тартып жатырмыз", - деп мәлімдеді Мирзияев.

XS
SM
MD
LG