Ссылки доступа

Тәжікстан үкіметі: мигранттарды қиын жағдайда қалдырмаймыз


Граждане Таджикистана, застрявшие на казахстанско-узбекской границе, 19 июня 2020 года

Тәжікстан билігі пандемия кезінде Ресейдегі еңбек мигранттарына 12 млн рубль көлемінде көмек бергенін хабарлады.

Алайда шетелдегі еңбек мигранттары биліктің қолдауын сезбейтінін айтып отыр.

Эпиядемия кезінде мыңдаған тәжік мигранты жұмыссыз қалды. Шекаралардың жабылуына байланысты оларды елге оралуы қиындады. Ресей билігінің хабарлауынша, коронавирус пандемиясы кезінде елде мигранттардың 40 пайызы жұмыссыз қалды, 35 пайызы айлық төленбейтін демалысқа шықты, шетел азаматтарының 51 пайызы табыссыз қалды.

Тәжікстанның еңбек министрі Нурулло Махмадуллозода, 23 шілдеде Озоди радиосына берген сұхбатында, Ресейдегі еңбек мигранттарына пандемия кезінде 12 млн рубль көрсетілгенін айтты. "Сонымен бірге, біз Ресейдегі тәжік дәрігерлерін мигранттарды емдеуге көмектесуге тарттық" деді шенеунік.

Алайда тәжік адам құқығын қорғаушы Каримжон Ёров мигранттарға үкімет емес, жекелеген қалталы азаматтар көмектесті деп отыр. "Қалалардағы диаспоралар ешқандай көмек бермеді. Көмек сұраған мигранттардың барлығын олар бізге жіберді. Қателеспесем, "Нұр" диаспорасы ғана мигранттарға көмектескен", дейді Ёров.

Тәжікстанның 1 миллионға жуық азаматы Ресейде жұмыс істейді. Еңбек мигранттарының жаппай елге оралуы республикада жұмыссыздардың артуына себеп болады. Халықаралық миграция ұйымының мәліметі бойынша, коронавирус пандемиясының кесірінен еңбек мигранттарының 60 пайызы жұмыссыз қалған.

XS
SM
MD
LG