Ссылки доступа

Белсенділер Түркіменстанда COVID-19 вирусымен қайтыс болғандарды анықтау үшін арнайы сайт ашты


Ашғабад шетіндегі мола, шілде, 2020 
Ашғабад шетіндегі мола, шілде, 2020 

Түркімен белсенділері Түркіменстанда COVID-19 вирусынан қайтыс болғандарды есептейтін сайт ашты.

Олар порталға коронавирустан көз жұмғандар жөнінде мәліметтер жариялап отырмақ.

Қазір сайтта індеттен қайтыс болған 18 адамның аты-жөні белгіленген.

COVID19TM вебсайтының авторларының айтуынша, Түркіменстанда ресми түрде вирустан өлгендер туралы мәлімет болмағандықтан, осы порталды ашуды шешкен.

Сайт авторлары түркіменстандықтарды COVID-19 инфекциясынан қайтыс болғандар туралы мәліметтермен бөлісуге шақырып жатыр. Сайтта арнайы «Мәлімет жөнелту» терезесі бар.

Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, Түркіменстанда қазіргі таңда әрбір үйде індет жұқтырғандар және қайтыс болғандар бар.

Елде вирус анықталмады деп мәлімдеп келе жатқан билік өкілдері сайттағы мәліметтер жөнінде пікір білдірмеді.

XS
SM
MD
LG