Ссылки доступа

Өзбекстанда карантин 15 тамызға дейін созылды


Өзбекстанның коронавируспен күрес жөніндегі арнайы комиссиясы республикада карантин шектеулерін 15 тамызға дейін созу туралы шешім қабылдады.

Карантин кезінде азаматтарға салтанатты жиын мен той өткізуге тыйым салынады. Тұрғындар әлеуметтік қашықтық сақтап, медициналық маска тағып жүруі тиіс. Қоғамдық орнындарда үш адамнан артық жиналуға болмайды. 65 жастан асқандарға үйден шықпауға кеңес берілген.

15 тамызға дейін қоғамдық көліктер, әмбебап базарлар, ірі дүкендер, саябақтар, тренажер залы, фитнес-клубы, бассейн, асхана, білім беру мекемелері жұмыс істемейді.

Шаштараз бен сән салонына, шипажайға да тыйым салынған.

XS
SM
MD
LG