Ссылки доступа

"Тәжік Эйр": жүздеген тәжікстандық мемлекет ақшасымен елге қайтты


Тәжікстанның жүздеген азаматы арнайы рейстермен елге оралды. Жол ақысын мемлекет төледі.

Бұл туралы "Тәжік Эйр" әуе компаниясының бас директоры Дилшод Исматуллозода 27 шілдеде Душанбеде баспасөз конференциясында мәлімдеді.

Әуе компаниясының лайнері Ресейдегі 245 азаматты Тәжікстанға жеткізді. "Внуково" әуежайында қалып қойғандар мен "Сахарово" орталығындағы азаматтарға арнайы рейстермен елге оралды. Жол ақысын мемлекет төледі", - деді компания басшысы.

Ресейден қайтқандар екі апта карантинде болып шықты.

Мәліметтерге қарағанда, Германиядан шыға алмай қалған ондаған тәжік азаматы да мемлекет есебімен елге оралған.

XS
SM
MD
LG