Ссылки доступа

Ресей Қырғызстанға 150 млн рубль тұратын гуманитарлық көмек жіберді


26 шілдеде Қырғызстан Ресейдің қайтарымсыз гуманитарлық көмегін алды.

Қырғызстан денсаулық сақтау министрлігінің хабарлауынша, жүк коронавирус пандемиясын еңсеруге көмек ретінде берілді.

Онда бес рентгенография аппараты, 70 оксометр, 31 жасанды тыныс алу аппараты, дәрі-дәрмек және медициналық маска бар.

Министрліктің хабарлауынша, аппараттармен жұмыс істеуді және дәрі-дәрмекті қабылдау хаттамаларын Ресей дәрігерлері үйретеді. Олар Ресейдің бірнеше аймағында жұмыс істеп жүр.

XS
SM
MD
LG