Ссылки доступа

Ресейдегі өзбекстандықтар елге туроператорлар көмегімен орала алады


Республикалық арнайы комиссияның шешімімен, шетелдегі өзбекстандықтар елге туроператорлардың көмегімен орала алады.

Өзбекстан көлік министрінің баспасөз хатшысы Навруз Ашурматовтың жергілікті ақпарат құралдарына хабарлауынша, Ресейден Өзбекстанға әзірге коммерциялық рейстер ғана қатынап тұр.

"Туроператорлар Өзбекстанның көлік министрлігіне хабарласып, рейс ашқысы келетінін айтуы керек. Олар жолаушыларды тасу, қонақ үйлерге орналастыру және басқа да қызмет атқара алады", - деді Ашурматов.

Министрлік мәліметі бойынша, Ташкентке коммерциялық рейстермен оралғандарды әуежайдан қонақ үйлерге Ұлттық ұлан бақылауымен жеткізіп жатыр.

Жолаушылар қонақ үйде 14 күн карантинде болады. Коронавирус жұқтырғандарға медициналық көмек көрсетіледі.

Министрліктің хабарлауынша, осындай бір коммерциялық рейс Ресейден Өзбекстанға 23 шілдеде ұшып келді. Шенеуніктер мұндай рейстерті көбейтуді жоспарлап отыр.

8 шілдеде Өзбекстанның сыртқы істер министрінің орынбасары Эркин Хамроев Ресейдегі 100 мыңға жуық өзбекстандық елге қайтқысы келетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG