Ссылки доступа

Германия Ресейдің G8 клубына оралуына қарсы шықты


Германия Ресейдің "Үлкен сегіздік" (G8) клубына оралуына қарсы шықты.

Бұл туралы Германияның сыртқы істер министрі Хайко Маас хабарлады. Оның айтуынша, халықаралық клубқа оралу үшін Мәскеу Қырымды аннексиялау мәселесін реттеп, Украинаның шығысындағы ахуалды шешуға көмектесуі керек. Маас 2014 жылы Ресейді бұл клубтан осы мәселелерге байланысты шеттеткенін, қазір оның отырыстары G7 форматымен өтіп жүргенін еске салды.

Германия сыртқы істер министрі Украинадағы, Сирия мен Ливиядағы жанжалдарды шешу үшін Ресей басқа да елдерге керек екенін айтты. Бірақ, Маастың пікірінше, мұндай мәселелерді шешуге "Үлкен жиырмалық" форматы көбірек көмектеседі.

Бұның алдында АҚШ президенті Дональд Трамп Ресей президенті Владимир Путинді саммитке шақырған дұрыс деп мәлімдеген. Дегенмен Трамптың ұсынысын клубтың басқа да мүшелері қолдамады.

Ресей президенті Владимир Путин "Үлкен сегіздікке" оралуға қарсы емес екенін айтқан.

Халықаралық G7 клубына Ұлыбритания, Германия, Канада, Франция, АҚШ және Жапония кіреді. Ресей бұл ұйымға 1997 жылы қосылған, бірақ 2014 жылы клубтан шығарылған.

XS
SM
MD
LG