Ссылки доступа

Түркімен белсенділері Вашингтонда үш бірдей наразылық шарасын өткізбек


Түркімен белсенділерінің Түркіменстан үкіметінің саясатына қарсы акциясы, Вашингтон, 28 шілде, 2020

АҚШ-та жүрген Түркіменстан азаматтары түркімен билігіне қарсы наразылық білдіруді жалғастырып жатыр.

29 шілдеде Вашингтонда түркімен белсенділері үш бірдей наразылық шарасын өткізбек. Азаттықтың түркімен қызметінің хабарлауынша, алдымен ДДСҰ ғимараты жанында, сосын АҚШ Конгрессі маңында және Түркіменстан елшілігінде жалғаспақ.

Ұйымдастырушылардың бірі Ольга Чарыеваның айтуынша, митингтер өткізу қала билігімен келісілген, ресми рұқсат алынған.

"Біздің Түркіменстан билігіне сұрағымыз көп. Ең алдымен елде коронавирус жайлы ашық айтсын. Неге індеттің барын жасырады. Олар халыққа маска тағуды міндеттейді. Қоғамдық орындарға баруға тыйым салады. Бірақ індет жоқ екенін мәлімдейді", - дейді Ольга Чарыева.

Тәуелсіз басылымдар түркімен билігі елде коронавирус індеті анықталмады деп мәлімдеп келгенімен, ондаған адамның вирустан көз жұмып жатқанын жариялап жатыр.

Белсенділер Түркіменстандағы індет құрбандары жайлы мәлімет жариялайтын сайт ашты.

XS
SM
MD
LG