Ссылки доступа

Бішкекте мешіттердің бірі коронавирус жұқтырған науқастарды емдейтін госпитальға айналды (видео)


Как работает полевой госпиталь для людей с коронавирусом в пригороде Бишкека
пожалуйста, подождите

No media source currently available

0:00 0:02:41 0:00

Бішкекте госпитальға айналған мешітте еріктілер медициналық қызметкерлердің рөлін атқарып жүр.

Мамандығы медбике Махабат Дюйшеева отбасымен осы ауыл маңынан үй соғып жатыр. Ол қазір жазғы демалыста. Бірақ адамдар індеттен өліп жатқанда, ол қарап отыра алмады. Үйінің жанындағы мешітті уақытша госпитальға айналдырып, науқастарды емдей бастады.

"Жергілікті тұрғындар бірігіп, мешіттен күндізгі стационар ашуды қолға алдық. Қажетті заттардың бәрін тұрғындар өздері сатып алды. Дәрі-дәрмекті де өздері сатып алды. Мен ауыл тұрғындары осылай бір-біріне қолғабыс тигізеді деп күтпедім", – деп мойындайды Махабат.

Әлеуметтік желі арқылы бұл жаңалықты естіген шетелде тұратын қырғызстандықтар көмек жібере бастаған. Кейін жергілікті шенеуніктер де қарайласқан. Жасанды тыныс алу аппаратын да жіберген.

Қазір мешітте алты медбике кезекпен жұмыс істейді. Жергілікті билік бір дәрігер мен медбикені жіберген. Қалғанының бәрі – ауыл тұрғындары.

Кейін жергілікті билік өкілдері мешітте науқастарға көмектесіп жүргендерге 120 доллардан төлеген. Бірақ еріктілер бұл ақшаны дәрі алуға жұмсаған. Қазір шетелде тұрып жатқан қырғызстандықтар оларға ақшалай жәрдем беріп жатыр.

XS
SM
MD
LG