Оның айтуынша, қысқартуға себеп болған Вахш өзеніндегі су ағынының бәсеңдеуі.
Мамыр айынан бері Вахш өзенінде су ағыны бәсеңдеп, Нурек ГЭС-іне су келу азайған.
Осының алдында Ауғанстанның аймақтарына электр энергиясын жіберіп отыратын «Брешно» компаниясы Тәжікстан электр экспортын 90 процентке қысқартты деп мәлімдеген.
Осыған дейін Тәжікстан Ауғанстанға күнделікті сағатына 320 МВт электр энергиясын тасымалдаса, дүйсенбіден бастап бұл көрсеткіш 40 МВт-қа қысқарған.
Ауғанстанның Кабул, Нангархар, Лагман, Лугар, Пактика, Парван, Панджшер, Каписа және Баглан аймақтары негізінен Тәжікстаннан келетін электр энергиясын пайдаланады.
Ауғанстан билігі қазір Өзбекстанмен келіссөз жүргізіп жатқанын хабарлады.