Ссылки доступа

Сардоба тұрғындары Мирзияев уәде берген өтемақыны талап етті


Өзбекстанның Сырдария облысы Сардоба ауданына қарасты "Дустлик" махалласының елу шақты тұрғыны су қомасы жарылғанда президент Мирзияев уәде берген өтемақыны талап етті.

Бұл махаллада су тасқынынан қатты зардап шеккен үйлер бұзылған. Тұрғындар су қоймасы жарылған кезде көшірілген ғимараттарда тұрып жатыр. Мемлекет басшысы уәде еткен 40 миллион сомның жартысын ғана махалланың кейбір тұрғындары алған.

Балабақша ғимаратында тұрып жатқан Орзу Ахмедованың айтуынша, өзінің және төрт бауырының үйі ту тасқыны салдарынан құлап қалды.

Апат 1 мамырда болғаны қарамастан, тұрғындар билік уәде еткен 40 миллион сум (4 мың доллар) өтемақыны әлі алмаған.

– Билік менің және бауырларымының үйлерін бұзып тастады. Өтемақыны бауырларымның біреуі ғана алды. Арызданғаннан кейін тағы бір бауырыма 20 миллион сум ұстатты. Қалған үшеуміз бір тиын алмадық. Біз ауданға, облысқа да шағымдандық, – дейді Орзу Ахмедова.

Сардоба ауданының әкімшілігі "Дустлик" махалласы тұрғындарының шағымынан хабардар екенін айтты.

– Біріншіден, біз оларға жаңадан салынып жатқан көп қабатты үйлерден пәтер береміз. Екіншіден, оларға өз еркімізбен өтемақы төлей алмаймыз. Өйткені олар су қоймасы жарылғанға дейін көп қабатты үйдің жоғары қабаттарында тұрған. Қаулыға сәйкес, оларға 20 миллион сум өтемақы алады. Олар аулада құрылыстары барын айтты, бірақ оны растайтын құжаттары жоқ. Сол себепті оларды заңсыз деп санаймыз, яғни ол үшін президент уәде еткен өтемақы төленбейді, – деді аудан әкімшілігінің өкілі.

Ресми ақпарат бойынша, мемлекет басшысының қаулысымен Сырдария облысында су қоймасының жарылуынан зардап шеккен 4025 үй қожайыны 40 миллион сум алады. Осыншама өтемақы Сырдария ауданының тағы 1818 тұрғынына төленетіні хабарланды.

XS
SM
MD
LG