Ссылки доступа

Тәжікстанда "Агроинвестбанк" басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғалды


Тәжікстанның қаржы полициясы "Агроинвестбанк" басшыларының үстінен қылмыстық іс қозғады.

Банк қызметкерлеріне несие беру кезінде заңды бұзды деген айып тағылды. Олардың кімдер екені хабарланбады.

Жемқорлықпен күрес агенттігінің директоры Сулаймон Султонзоданың 28 шілдеде хабарлауынша, банк 391 млн сомони (шамамен 39 млн доллар) несиені заңсыз берген.

Агенттік мәліметі бойынша, осы банктен несие алған тағы бірнеше компания өкілдерінің үстінен қылмыстық іс қозғалған. Нақты қанша адам істі болғаны хабарланбады. Агенттік мәліметті кейін таратуға уәде берді.

Өткен жылы президент әкімшілігінің тапсырмасымен қаржы полициясы "Агроинвестбанкті" тексеріп, ондаған миллион сомони шығын есептеп шығарған. 2018 жылы "Агроинвестбанк" басшысы Муродали Алимардон тергелген.

"Агроинвестбанк" бес жылдан бері дағдарыстан шыға алмай, салымшыларына 730 млн сомони қарыз болып қалды.

XS
SM
MD
LG