Аза тұту күні Қырғызстанда мемлекеттік ту түсіріледі, елдегі телеарналарда ойын-сауық бағдарламалары көрсетілмейді.
27 шілдедеді мәлімет бойынша, Қырғызстанда коронавирус эпидемиясы басталғалы бері 1301 адам осы кеселден қайтыс болды. Республикада 33296 адам коронавирус жұқтырғаны анықталды.
Қырғызстанда сейсенбіде 548 адам вирус жұқтырды деп хабарланды. Мәлеметті денсаулық сақтау министрлігінің өкілі Айнұр Акматова жариялады.
Бір тәулікте 28 адам вирустан қайтыс болды.