Ссылки доступа

Gallup: Әлемде АҚШ-қа ең қатты сенетін ел - Түркіменстан


Президент США Дональд Трамп
Президент США Дональд Трамп

Өткен жылы әлемде АҚШ билігіне ең қатты сенетін ел - Түркіменстан болғаны анықталды.

Gallup зерттеу орталығы жариялаған есеп бойынша, Түркіменстанда АҚШ билігіне сенім көрсеткіші өткен жылы 32 меже артып, 62 пайызға жеткен.

Бұл орталық "Әлем лидерлері" есебін 2007 жылдан бері жариялап келеді. Тізімде АҚШ, Ресей, Германия және Қытай бар.

Германия канцлері Ангела Меркель рейтингте үш жылдан бері бірінші орында тұр. Әлемнің 135 мемлекеті мен аймағының 44 пайызы Германия билігіне сенеді.

Екінші орындағы АҚШ 33 пайыз жинады. Зерттеуге қатысқандардың 32 пайызы Қытай билігіне сенетінін айтса, Ресей билігі 30 пайызбен төртінші орында қалды.

Түркіменстанда АҚШ билігіне сенімі не себепті артқаны баяндамада түсіндірілмеген.

Айта кетерлік жайт, бірнеше жылдан бері Түркіменстанның түрлі аймақтарында АҚШ-қа қарсы үгіт-насихат жұмыстары жүргізіліп келеді.

XS
SM
MD
LG