Ссылки доступа

Тәжікстан электр энергияны қайта үнемдей бастады


Тәжікстанда жақында тұрғындарға электр энергия беруде қайта шектеу қойыла бастайды.

Тәжікстан үкіметінің мәлімдеуінше, алда күз бен қыста электр энергиясына тапшылық болмау үшін, осындай қадамға баруға мәжбүр.

Тәжік билігі электр энергиясын үнемдеудің бірден-бір себебін су аздығынан көріп отыр. Ресми мәлімет бойынша, 2019-2020 жылдары күзде және қыста Вахш және Пяндж өзендеріне қар аз түскен. Мұндай жағдай бірінші рет болып отыр дейді.

Қазір Нурек су қоймасындағы су көлемі 17 метрге төмен.

"Егер қазіргі жағдай жалғаса беретін болса, су қоры азайып қалады. Қыста ел экономикасына кері әсер етеді" деп есептейді тәжік үкіметі.

2017 жылы тәжік билігі электр энергиясына шектеу қоюды мүлдем алып тастайтынын жариялаған. Онда Тәжікстанның барлық аймағында тәулігіне тек 4–5 сағаттан ғана жарық беріп келген.

Рогун ГЭС-нің екі агрегаты іске қосылғаннан кейін тұрғындар жарық шектеусіз беріледі деп үміттенген еді.

Тәжікстан үкіметі осыған дейін Ауғанстан мен Өзбекстанға да электр энергиясы экспортына шектеу қоятынын жариялаған.

XS
SM
MD
LG