Ссылки доступа

Қырғызстан тамыз айынан бастап 4 елмен әуе байланысын қалпына келтірмек


Қырғызстан 1 тамыздан бастап 4 елмен әуе қатынасын қалпына келтірмек. Бұл жөнінде азаматтық авиация агенттігі төрағасы Курманбек Акышев мәлімдеді.

Оның айтуынша, қазір келіссөздер жүріп жатыр.

«Өткен аптада Ресей, Түркия, Қазақстан және Біріккен Араб Әмірліктері елдеріне ресми хат жібердік. Әзірге жауап келмеді. Түркия келісіп отырған сияқты, бірақ ресми жауап бермеді. Ресей 1 тамыздан ашпауы мүмкін», - деді Акышев.

Қырғызстан COVID-19 пандемиясына байланысты наурыз айынан бері халықаралық әуе қатынасын тоқтатқан.

XS
SM
MD
LG