Ссылки доступа

Өзбекстанда "Straus House" басшысы 9 жылға сотталды


"Straus House" компаниясының құрылтайшысы Ибрагим Исраилов 2019 жылы 27 қыркүйекте ұсталған.

Ташкент қалалық Мирабад аудандық соты "Straus House" компаниясы басшысы Ибрагим Исраиловқа қатысты істі аяқтады.

Сот үкіміне сәйкес, Африка елдерінен түйеқұс тасымалдайтын компания иесі 9 жылға сотталды. Сонымен бірге мемлекетке 21 мың доллар көлемінде өтемақы төлеуі тиіс.

Биыл ақпан айында сот процесі жүріп жатқан кезде Ибрагим Исраилов тергеушілердің өзінен 1 млн доллар пара сұрағанын мәлімдеген. Бірақ тергеушілер мұны жала деп атады.

Жас кәсіпкер ретінде елінде танымал бола бастаған Ибрагим Исраилов жеке және заңды тұлғалармен Африкадан түйеқұс жеткізіп беру жөнінде келісімге отырған. Оларға түйеқұсты қалай баптау керектігі жөнінде де тегін курс өткізуге уәде берген. Бірақ "Straus House" компаниясы бірде-бір келісім талаптарын орындамаған. Осыдан кейін 300-ге жуық зардап шегуші шағым келтірген.

Бұдан бөлек Ибрагим Исраиловтың жұмыспен қамтау агенттігі адамдардан шетелге жұмысқа тұрғызамын деп ақша жинаған. Бірақ ешкімді жұмысқа тұрғызбаған.

XS
SM
MD
LG