Ссылки доступа

Мәскеуде ұсталған 800-ден астам әйел ерлер абақтысына ауыстырылды


Мәскеуде №6 әйелдер тергеу абақтысы өртенгеннен кейін 800-ден астам әйел ерлер тергеу изоляторына ауыстырылды.

Gulagunet құқық қорғау жобасының жетекшісі Владимир Осечкиннің айтуынша, әйелдерге заттарын алуға мүмкіндік бермеген. Оның үстіне ерлер тергеу изоляторы толып қалған. "Мұнда мыңдаған адам дұрыс ұйықтай алмайды", – деп мәлімдеді Осечкин.

Ал Қоғамдық бақылау комиссиясының жауапты хатшысы Алексей Мельников әйелдер тарапынан ешқандай шағым түскен жоқ деп хабарлады. Ол жақын күндері әйелдерді кері қайтаратынын жеткізді.

Жақында Мәскеудегі №6 әйелдер тергеу изоляторындағы қоймадан өрт шыққан. Ресми мәліметке сәйкес, ешкім зардап шекпеген.

XS
SM
MD
LG